БОЛАШАҒЫ ЗОР ФУТБОЛШЫ ЕДІ

Сейсенбі күні «Атырау» футбол клубы, Мақсаттың достары, ағайын-туысы оны ақтық сапарға шығарып салды.
Тоғыз жасында футболға келіп, команда дайындау тобында жаттыға бастаған ол сол кезден бері өңір намысын қорғап, талай рет жетістіктерге жете білді. Оның қоржынында көптеген жетістіктер бар: Қазақстанның күміс жүлдегері, «Арман» республикалық турнирінің күміс медаль иегері және өзге де республикалық, халықаралық турнирдің жеңімпазы.

Достарының айтуынша, футболға жан-тәнімен берілген Мақсат үнемі көңілді жүретін. «Ол футболды ерекше жақсы көруші еді. Командадағы ойыншыларды жігерлендіріп, қалайда жеңіске жетуге шақырып отыратын» дейді достары.
– Мақсат арамыздан тым ерте кетті, – дейді «Атырау» ФК қосалқы құраманың аға жаттықтырушысы Тимур Үкібаев. – Футбол спортында болашағынан үлкен үміт күттіретін ойыншылардың бірі еді. Өте жақсы ойыншы, кішкентай кезінен бастап өзім тәрбиелеп келгенмін. Адамгершілігі де жақсы. Ата-анасынан жақсы тәрбие алған, үлкенді сыйлай, кішіні құрметтей білуші еді.

Бетті дайындаған Айгүл Ертілеу.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз