Жарнама
Қоғам

Еленбей қалған ерлік

Заманның қиынында шаруашылық басқарған, өнегелі өмір сүрген Ниязғалиев Қалам ағаға қатысты тың дерек анықталып жатыр. Марқұм былайғы өмірде ашық-жарқын көрінгенімен, соғыста бастан кешкендерін айта бермейтін. Дегенмен, бүгінде оның ерлігі белгілі болуда. Мұрағаттарды жете зерттеген, қанқұйлы кезеңнің беймәлім тұстарын түгендеген Ресейдің арнайы сайттары тосын мәліметтерді жариялады.

index

Қалам Ниязғалиев майданға Есбол аудандық әскери комиссариатынан шақырылады. Арнайы дайындықтан өткен соң 896-шы атқыштар полкінде пулеметші болып қатысады. 1942 жылдың мамыр айында бірнеше рет үлкен шабуылдарда жаумен қорғана жүріп соғысып, әлсіретіп, ес жиюына мүмкіндік бермейді. Әлсін-әлсін қарымта шабуылға шығып, тұтқиылдан соққы жасайды. Бұл тактиканың тиімділігінен қарсы жақ көп шығынға ұшыраған. Осы қақтығыстағы ерлігі үшін әскери басшылық әңгіме кейіпкеріне үш мәрте алғыс жариялайды.

Тарихи құжатта Бежица қаласының маңындағы ұрыстағы Қалам Ниязғалиевтің ерлігі кеңірек баяндалады. Ол пулеметімен қарымта шабуыл жасамаққа ұмтылған жауға бас көтертпейді. Немістің 28 офицері мен жауынгерін сол сәтте жер жастандырады. Осының нәтижесінде кеңестіктер алға жылжып, бекінісін нығайтқан. Тағы бір қызық дерек, қанқасапта екі жақтың әскері бетбе бет келіп қалады. Қолма-қол ұрыс кезінде кімді кімнің ұрып жатқаны белгісіз. Айнала әлемтапырақ. Соған қарамастан Қалам аға немістің унтер-офицерін жығып, тез арада тұтқындайды. «Тіл» (жау жауынгері) қарсы жақтың қозғалысына қатысты біраз мәлімет береді.

Соғыс Қалам ағаның жүрегіне жазылмас жара салды. Ұрыс даласында екі рет ауыр жарақаттанды. Соңғысында дәрігерлер сол қолын шынтақтан кесуге мәжбүр болды. Дегенмен, қанды қасаптан аман-есен елге жеткеніне шүкіршілік етсе керек, ол сын сағат туралы ашылып әңгіме айтпаған. Ерліктің елеусіз қалуына да осы жағдай әсер етсе керек.

Тоқтала кетері, Қалам Ниязғалиев майданнан соң Махамбет атындағы және «Степан Разин» колхоздарын басқарды. 1965 жылға дейін «Коммунизм жолы» және Жамбыл атындағы шаруашылықтарда ферма меңгерушісі болған.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button