ЭЛЕКТРОНДЫҚ АУКЦИОН – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Тізілімнің веб порталы www.gosreestr.kz мекен-жайы бойынша интернет желісінде орналастырылған. Бұл – мемлекеттік мүлік тізілімінің жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс. Жалпы, жекешелендіру дегеніміз – мемлекеттік мүлікті арнайы рәсімдер шеңберінде жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіне сату.
Сауда-саттықтың электрондық нысаны коммуналдық мүлікке жатқызылатын жекешелендіру объектілерін сату бойынша аукциондарды өткізуге мүмкіндік береді, яғни оған кез келген мекенжайда орналасқан ниет білдіруші қатыса алады және бұл өз кезегінде сауда-саттықтың толық ауқымды көлемде өтуіне, процесті жылдамдатуына, ықшамдатуына мүмкіндік береді.
Жекешелендіруді жекелей алып қараған кезде, сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін ауқымды процесс болып табылады, сауда-саттыққа потенциалды қатысушыларының ортасын азайтады. Себебі потенциалды қатысушылар үшін сауда-саттық өтетін жерге бірнеше рет баруға тура келуіне байланысты қаржылай шығындардың болуын қажет етеді.
Атап айтқанда, интернет желісінің кез келген пайдаланушысы, оның ішінде шет елдегі интернет желісінің пайдаланушылары да сатушының аукцион залдарына бармастан электрондық өтінімді бере алады.
Электрондық аукционға ықтимал қатысушыларға Ұлттық куәландырушы орталықтардан берілетін электрондық цифрлық қолтаңбаларды халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алдын ала алу қажет етіледі.
Электрондық сауда-саттыққа қатысуға ыңғайлы болу үшін www.gosreestr.kz веб-порталындағы «Жекешелендіру объектілерін сату бойынша электрондық аукцион» бөлімінде толық танысуға болатын нұсқаулық жасақталған.
Сауда-саттықты ұйымдастырушы (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган) аукцион туралы хабарламаны аукцион өткізілгенге дейін кемінде он бес күн бұрын қазақ және орыс тілдерінде мерзімді баспа басылымдарында және тізілімнің www.gosreestr.kz веб-порталында жариялайды.
Хабарлама жарияланғаннан кейін сатушы барлық ниет білдірушілердің тізілім веб-порталы арқылы жекешелендіру объектісі және сауда-саттықтарды өткізу ережесі туралы ақпараттарға қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.
Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және электрондық аукцион басталғанға дейін 48 сағат бұрын аяқталады.
Сатушы электрондық өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде электрондық аукционға қатысу үшін жеке және заңды тұлғалар ұсынған электрондық өтінімдер мен құжаттарды қарайды және қатысушының тізілімнің веб-порталында көрсетілген электрондық мекен-жайына өтінімді қабылдау немесе одан бас тарту себептері туралы хабарлама жібереді. Сатушымен электрондық аукционға жіберген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін арнайы нөмір бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
Электрондық аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.
Аукцион залында электрондық аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбіден бастап жұманы қоса алғандағы кезеңде өтеді. Электрондық аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте электрондық аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады. Электрондық аукцион ағылшын немесе голландық әдіс бойынша жүргізілетін болады.
Мемлекеттік мүлік тізілімінің қызмет етуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі №802 қаулысына сәйкес Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында бірыңғай оператор болып айқындалған «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамымен жүзеге асырылады.
Электрондық аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты «Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің келесі байланыс телефондары арқылы алуға болады:
8 (7122) 27-11-23, 35-45-87.
Қарлығаш РАХМЕТҚАЛИЕВА,
Атырау облысы Қаржы басқармасының
Коммуналдық меншікті басқару жөніндегі
бөлімінің басшысы.