Жарнама
Қоғам

ЕЛДІК ПЕН ЕРЛІК

Ал, Атырауда іске қосылатын газ-химия кешені бұрын-соңды болмаған ірі өндіріс ошағына айналғалы отыр. Тұңғыш рет жүзеге асырылғалы тұрған жоба іске қосылған жағдайда ел бойынша тағы да ондаған ірілі-ұсақты кәсіпорындардың өмірге келуіне мүмкіндік туады. Жылына 1 миллион 200 мың тонна полиэтилен мен полипропилен шығаратын газ-химия кешені ең озық үлгідегі құрылысымен де ерекшеленеді. Мұның өзі алдағы уақытта Қазақстанның шикізатпен қамтамасыз етуші мемлекет ретінде қалып қоймай, мұнай-газ химия кешені арқылы елімізде өнім өндіруді қолға алатындығын көрсетеді. Атыраудағы теңдесі жоқ мұнай-газ химия кешені – бізді сол мақсаттарға жеткізетін алып жоба.
Өңірлерді дамыту министрлігі – билік эшелонындағы ең жас жоба. Жұмысын енді-енді бастап жатқан министрлікке жүктелген міндет зор. Өйткені, «Болашағы жоқ ауылдарды орталықтандыру арқылы, өңірлерді дамыту керек» деген Президент тапсырмасы алдымен осы ведомствоға тікелей байланысты. Өңірлерді дамыту бойынша қабылданған арнайы бағдарлама да бар. Ауыл әкімдерінің сайлануы – біздіңше, өңірлерді дамытуда жасалған негізгі қадам. Өйткені, ауыл, селолық округ, кент әкімдеріне бюджетті басқаруда кеңшілік, жергілікті қазынаны еселеуде жаңа мүмкіндіктер берілді. Кейбір ірілі-ұсақты шаруаларды енді әкім жергілікті жерде отырып-ақ өзі шеше береді.
Өркениетті елдерде, мәселен, Германияда ішкі жалпы өнімнің 57 пайызын шағын және орта кәсіпкерлік үлесі құрайды екен. Ұлыбритания мен АҚШ-та бұл көрсеткіш – 52, ал, Францияда – 50 пайыз. Ал, біздің елімізде бизнес үлесі ішкі жалпы өнімнің тек 20 пайызын ғана құрайды. Сол себепті де, біздің еліміз ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 2020 жылға қарай 7-10 пайызға дейін арттыруды міндет етіп отыр. Рас, бізде ілгерілеушілік жоқ емес, бар. Мәселен, соңғы бес жылда тіркеуден өткен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 60 пайызға дейін артып, ағымдағы жылдың бірінші қаңтарында 1 344,0 мыңды құрады.
Аталған стратегияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан ХХІ ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр. Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру болса, басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады…» деп көрсеткен еді. Сондықтан, біздің алдымызда ұлттық экономиканы дамыту міндеті тұр.
Бәсекеге қабілетті ел болу үшін қандай талап үдесінен шығу керек? Әрине, ең алдымен, ұлт білімді болуы тиіс. Ал, білімді ұлт ғылым мен технология дамыған кеңістікте қалыптасады. Сол себепті де, отандық білім саласының алдында ел Президенті атап көрсеткендей, білім беру әдістемелерін жаңғырту, инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясатын қалыптастыру міндеті тұр.

(Арнайы «Атырау» газеті үшін).

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button