Жарнама
Қоғам

ЕЛБАСЫ – АТЫРАУ ӨҢІРІНДЕ

Бүгінде солардың бәрі жұмыс жасап тұр. Өңірдің ғана емес, күллі республиканың экономикалық дамуына сүбелі үлес қосуда. Атырауда Елбасы Ұлыбританияның Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен және Ресей Президенті Владимир Путинмен дидарласты. Бұрын-соңды облыста осындай елеулі оқиға болып па еді?! Мұның бәрі – Мемлекет басшысының «қара алтынды» аймаққа ерекше көңіл бөліп отырғандығының жемісі.

Теңіз кенішіндегі Екінші буын және Шикі газды кері айдау жобасы мен Қашаған кен орнының алғашқы өнімі алыну рәсімі де Елбасының қатысуымен өтті. Бұл жобаларға күллі әлем көз тігіп отыр. Олар сәтті мәреге жеткенде Қазақстан дүние жүзі бойынша мұнайды ең көп өндіретін мемлекеттердің алғашқы бестігіне енеді. Мемлекет басшысы алға қойып отырған меже – осы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында біз Елбасының Атырауға сапарына байланысты осы және өзге де оқиғаларды жадымызда жаңғыртып, редакция мұрағатында сақталған фотосуреттерді тағы да оқырмандар назарына ұсынғанды жөн көрдік. Мұның бәрі облыс шежіресінде айшықты із қалдырды. Олардың сыртында жаңадан ашылған жүздеген жұмыс орны, айтарлық-тай жақсарған әлеуметтік ахуал, халықтың бақуатты тұрмысы жатыр.

Фотоочерк авторы –

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button