Жарнама
Қоғам

Ел тарихын зерделеген

Тарихшы, өлкетанушы, Халықаралық Махамбет атындағы сыйлықтың иегері Зұлқожа Шарафутдинмен кездесу кеші осы тақырыпты еншілепті. Айтулы кешке жергілікті зиялы қауым өкілдері мен студенттер қатысты.

Кездесуде Тютарихшы Зұлқожа Шарафутдинов «Таубұйрат» атты еңбегінде Орал окру­гін­де кәмпескелеудің алғашқы кезеңінде 71 байдың тізімі жасалғанын, сол тізімдегі бай­лардың көпшілігі Азғыр ауданынан шыққандар екенін жазғанын, Азғыр өңірінің тарихы мен ондағы тұлғалар туралы терең әңгімеледі. Айтуынша, архив құжаттары бойынша Азғыр ауданынан 22 бай кәмпескелеуге ұшыраған екен.
Зұлқожа Шарафутдин 1961 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданының Ескі Асан ауылында дүниеге келді. Балқұдық орта мектебін, содан кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан Мәдениет институтының «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
2003-2006 жылдары Құрманғазы атындағы Орал саз колледжінде әлеуметтік-экономикалық бөлімнің меңгерушісі қызметін атқарған.
2006-2008 жылдары Қазақстан инновациялық техникалық университетінің аға оқытушысы, 2008-2013 жылдары Орал қалалық №4 орта мектептің, 2013-2018 жылдары Орал қалалық №2 мектептен тыс орталықтың директоры болды. Кейін «Жайық Пресс» медиа холдингінің ақпарат бөлімінде қызмет атқарған.

Зұлқожа Ғайнеденұлының зерттеуімен жарыққа шыққан «Бөкей орда» (2000 ж.), «Тастөбе соғысы» (2004 ж.), «Еділ-Жайық тарихы» (2008 ж.), «Орал өңірі тарихы» (2010 ж.), «Елқазық» (2016 ж.), «Таубұйрат» (2018 ж.), «Зонадан көшкен колхоздар» (2023 ж.) атты тарихи-танымдық кітаптары мен 80-ге жуық ғылыми-публистикалық мақалалары бар.
Іс-шараға жиналған қауым тарихшыдан тың ақпарат алып, көкейде жүрген сауалдарын қойды.
Өлкетанушының өскелең жастарға әлі де айтары мол. Әдеби, ғылыми ортада өзіндік шығармашылық ізденісімен ерекшеленіп, көркем туындылары арқылы қазақтың рухани дүниесін көпшілікке танытып, насихаттап жүрген тарихшы-қаламгердің өмірі мен шығармашылығы бүгінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге.

Рита ӨТЕУҒАЛИ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button