ЕКІНШІ КЕЗЕҢНІҢ ЕРЕКШЕ ЖЕҢІСІ
Шайбалы хоккейден ел чемпионатының екінші кезеңі бас-талды. Чемпионат ережесіне сәйкес, бұрын командалар қарсыласпен екі рет — «үйде» және сырт айдында кездессе, енді жаңа кезеңде ойындар бір айналымда өтеді.
Қаңтардың 8-і күні жергілікті «Бейбарыс» өз айдынында өскемендік «ШҚО» хоккей командасын қабылдады. Ойынның ал-ғашқы кезеңінде қақпаға төрт гол салынса, оның үшеуі аты-раулық ойыншылардың еншісінде болды.
Ал, кейін өскемендіктер қақпамыздан саңылау тауып, есепті теңестіруге тырысып бақты. Тіпті, ойынның соңғы минуттарында қақпашыны алып тастап, айдында алты адаммен ойнап, тәуекелге бел буып көргенмен, көздегендеріне жете алмады. Есеп — 3:1.
Екінші күнгі ойында айдын иелері Вологодскийдің көмегімен есепті ашса, кейін өскемендік Колпаков, Меренковтар әдемі соққылары арқылы есепті еселеді. Намысты қолдан жібермеуге тырысқан алаң иелері 51-інші минутта таблодағы есепті теңестіре алды. Ойын ережесі бойынша овертайм кезеңі еш нәтиже бермей, жеңімпаз буллит сериясында анықталды. «Бейбарысқа» жеңіс голын сыйлаған А.Вишняков болды.
Ендігі ойынды жерлестеріміз сырт алаңда «Теміртау» командасымен өткізеді.