
ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕҢ БАСТЫ МЕРЕКЕСІ
Атыраудағы «Жайық» спорт кешенінде егемен елдің ең басты мерекесі — Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.


Салтанатты шараға қатысушыларды Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов құттықтады.

Осыдан 32 жыл бұрын, 1990 жылдың 25 қазанында Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларация қабылданды. Кең байтақ Отанымыздың азаттық алғаны туралы сүйінші хабар алты құрлыққа тарады. Бабалар аңсаған ұлы арман бүгінгі ұрпақтың тұсында ақиқатқа айналды. Республика күні — ұлт тәуелсіздігін паш еткен қастерлі мереке, қасиетті күн, еркіндікке ұмтылған, ертеңі нұрлы, келешегі кемел Қазақ елінің ең басты мерекесі.

Республика күні құтты болсын!

Салтанатты шараға қатысушылардың назарына өңіріміздің кәсіби өнер ұжымдары дайындаған «Қыран елім — Қазақстаным!» атты театрландырылған әдеби-музыкалық қойылым ұсынылды.
Салтанат соңы мерекелік марапаттау шараларына жалғасты.
Дәулетқали АРУЕВ,
Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ