Жарнама
Қоғам

ЕҢСЕЛІ БОЛАШАҚҚА БАСТАҒАН ҚАДАМ

Съезде айтылған ойлар мен ұсыныстардан өте жақсы әсер алдым. Еліміздің мақсаттары мен міндеттері айқын екендігіне көз жеткіздім. Тәуелсіздік жылдарынан бері еліміз ауыз толтырып айтарлықтай біраз жетістіктерге жетті. Қазір біз бірлігі берік, шекарасы анық, саясаты дана мемлекетпіз. Халқымыздың бірлігі мен татулығы мықты. Мұның бәрі Елбасымыз бен халқымыздың күшімен жеткен жеңісті қадамдар деп есептеймін.

Партиямыздың бұл съезінде бүгінгі кезеңнің күрделі мәселелері талқыланып, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы Президент сайлауына үміткерлікке ұсынылды.

 Елбасымыз бұл ұсынысқа өз келісімін бере отырып, қазақстандық мемлекеттілікті нығайтудың бес реформасын ұсынды. «Кезең-кезеңмен мемлекеттік органдар өздерінің жауапкершілік аясын қысқартып, әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді азаматтық қоғам институттарына өткізуі керек» — деген ҚР Президенті аталған бес бағытты сәтті жүзеге асыру арқылы мемлекеттік атқарушы органдар мен жалпы билікті сайлаудың жаңа жүйесіне көшіруге болатынын атап өтті.

Әсіресе, білім беру саласына айрықша көңіл бөлуі ұстаздар қауымын ерекше қуанышқа бөлейді. Білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан тың реформалар, салынып жатқан жаңа мектептер мен балабақшалар еліміздегі әр бүлдіршіннің, әр білім алушының бірдей дәрежеде сапалы білім алуына мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Күні бүгінге дейін Елбасымыздың дана да, дара саясаты біздің тіреуіміз болды, әрбір қазақстандықтың жүрегінде ертеңгі күнге деген нық сенім ұялады, мемлекетімізді әлемдік кеңістік мойындады. Алдағы уақытта да Елбасы нұсқаған даңғыл жолдың, Елбасы айқындаған мемлекеттік бағыттың адастырмасы хақ.

Бақытгүл ХАМЕНОВА,

Атырау қалалық

мәслихатының депутаты. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button