Жарнама
Қоғам

«E-OTINISH»: ӨТІНІШТІ ҚАЛАЙ БЕРЕДІ?

Жеке немесе заңды тұлға өтініш беру үшін Google арқылы «Е-өтініш» деп теріп, E-otinish.kz сайтына өтеді. 

Әрі қарай өтініш беру батырмасын басу арқылы ЭЦҚ-кілтімен кез келген мемлекеттік мекемеге өз сауалын жібере алады. 

«E-otinish» ақпараттық жүйесінің ерекшелігі сол – әрбір азамат өзінің өтініші қайда, қандай мекемеге жолданғанын, қай кезде қаралғанын жүйе арқылы қарап, бақылай алады. Сондай- ақ арыз-шағымына деген мемлекеттік мекеменің жауабын бағалауға да мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, жүйеде жолданым тіркелген азаматтарға SMS-хабарлама арқылы арыз-шағымының қаралу кезеңдері туралы хабарламалар жіберіледі. Оның қаралу тарихы жүйеде сақталады және мемлекеттік орган бұрын қандай шешім қабылданғанын саралай отырып, әкімшілік іс қалыптастыра алады. Егер, өтініш иесі берілген жауаппен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 91-бабына сәйкес, жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылы және әрекетсіздік белгілі болған күннен бастап 3 ай мерзімінен кешіктірмей берілу қажет.                                                      Шағым жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда беріледі, 20 жұмыс күнде қаралады. Шағымды қарайтын орган оны дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін шаралар қабылдауға міндетті. 

Бүгінде бұл ақпараттық жүйеге 38 мыңнан астам ұйым «мемлекеттік органдар мен мелекеттік ұйымдар қосылған және 160 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button