ДЗЮДОШЫЛАР ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
Ылғи мықтылардың арасында атыраулық жеткіншектердің шеберліктері басым болды. Атап айтқанда, қыздар арасында 44 кг салмақта Алмаз Айзада мен ұлдар арасында 50 кг салмақта Жәнібек Тельман III орындарға ие болды. Ал, 66 кг самақта Манас Қайырбай мен 73 кг салмақта Шынтас Серікболсын жарыс жеңімпазы атанып, Азия біріншілігіне жолдама алды.
Өткен жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында үш қола медальмен Атырау құрамасы жетінші орын иеленсе, биылғы жылы командалық есепте бесінші орынға табан тіреді. Өткен жарыста Айболат Ыстыбай Тверь және Берлин қаласында өткен Еуропа Кубогі жолындағы Халықаралық жарыстарда қола жүлдеге ие болып, Әлем чемпионатына жолдама алған еді. Соның нәтижесінде Босния және Герцеговиния елінің Сараево қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында Атырау облысынан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы атанып, облысымыздың мәртебесін тағы да аспандатты.
Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА.