Думанның бас жүлдесі

 Алматы қаласында «Майра» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Самға, жұлдыз» республикалық балалар мен жасөспірімдер конкурсынан жылыойлық балғын өнерпаз Думан Байғали Бас жүлдемен оралды.

 Еліміздің атақты өнер жұлдыздары Майра Ілиясова, Меруерт Түсіпбаева бастаған әділқазы мүшелері И.Жақановтың «Еділ мен Жайық» әнін орындаған Думанның өнерін жоғары бағалады. Сондай-ақ, жас өнерпаз «Жігіт сұлтаны» номинациясы бойынша да Алғыс хатпен марапатталды. Осыған дейін талай өнер байқауларынан жүлдегер атанып үлгерген Думан Т.Құлтумиев атындағы №1 балалар саз мектебінде ұстазы Дәмелі Саровадан дәріс алады.

Дайындаған: Бақытжан ХАМИТҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз