Жарнама
Қоғам

Достық – біздің туымыз

   Достық үйі 2014 жылы 1 қазанда ашылған күннен бері Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы Қоғамдық келісім КММ-сі Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, этносаралық қатынастар бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруда, этносаралық келісімді нығайтуда, Қазақстандық патриотизмді насихаттауда, этносаралық жанжалды алдын-алу мақсатында, этно-мәдени бірлестіктермен және басқа да қоғамдық ұйымдардың жұмысына қолдау көрсетіп келеді. Кеше этнос өкілдерінің қара шаңырағы, мәдени ошағы болған Достық үйінің 10 жылдығына орай «Отаным — алтын бесігім» атты салтанатты кеш өтті.

9ce2b570 be9e 4ecc 92db 6d32bee49984

Оған облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Серік Шәпкенов арнайы қатысып, ыстық ықыласын көрсетті. 

  – Он жылдың ішінде көптеген іс, үлкен жобалар іске асты. Біз бір шаңырақ астында бір үйдің балаларындай бейбіт өмір сүріп келеміз. Бүгінде Қазақстан өзінің гуманистік, демократиялық және толерантты сипатымен ерекшеленеді. Соның айқын бір көрінісі – ұлтаралық татулық пен келісімді сақтауды алдына мақсат етіп қойғандығы.  

 Қазір облыста  18 этномәдени бірлестік бар. Облыс орталығындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің түрлі ұлттық мерекелері, конференция, лектория, шеберлік сабақтарын, қайырымдылық іс-шараларын және тағыда көптеген шаралар өткізіледі. Қызметтің басым бағыты этносаралық келісімді нығайту, қазақстандық патриотизмді насихаттау идеясын тарату, этносаралық дау –жанжалдың алдын алу, елдегі толеранттылықты сақтау. 

Атқарылған жұмыс ауқымды, оның бәрін атап шығу мүмкін емес, бәлкім, шарт та болмас. Ең бастысы, осы жылдағы атқарылған игі істеріміз – осы жолдағы әрбір қадам бізді бір қолдың саласындай біріктірді. Табиғат тосын мінез көрсетіп, сындарлы сәтте сыналғанымызда да бірлігіміздің арқасында іргеміз сөгілмеді. Тілге, ділге, дінге, ұлтқа бөлінбей, жұмылып жұдырық болғанымыз күні кеше. Жігерлі қыран деген жеңіс қалықтады. Ассамблея ұйытқы болған ізгі бастама ұлттар арасындағы достық, қоғамдық және рухани келісімді бекіте түсті. Ендеше, бірлігімізге сызат түспей, елімізде амандық болсын. Достық – біздің туымыз! — дей келе Серік Жамбылұлы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың құттықтау хатын «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің директоры Ляззат Жылқышиеваға табыстады.

97e5d1bd fd06 4e70 b1b6 bc16c518aa13


Сонымен қатар, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің мүшесі Аминат Зубариеваға Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс» төсбелгісін тақса, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрінің Алғыс хатынАтырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің белсенді мүшесі Жамал Хасановаға тапсырды. Бұл күні бірнеше азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 

Шара әрі қарай этномәдени бірлестіктердің мерекелік концертіне жалғасты.  

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген Әнуар ӘІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button