Жарнама
Қоғам

«ДОСТЫҚТЫҢ АЛТЫН КӨПІРІ»

 

Ток-шоу форматында өткен шарада еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі мемлекеттік тілді нығайтудағы атқарылған жұмыстар әңгіме болды. Рас, мемлекеттік тіл елді саяси-мәдени жағынан ұйымдастырудың басты құралы болуда.

Өмір сүріп отырған мемлекеттің тілін білуді өздеріне міндет санайды ма, әлде өмірлік қажеттілік деп түсіне ме – осы сұрақтар төңірегінде қатысушылар өз ойларын білдірді. Айталық, Сейтамин Акаев өзінің Ақ Жайық жағалауына 1967 жылы қоныс аударып келгенін, қазақ қызымен шаңырақ құрғанын, қазіргі таңда үлкен бір әулеттің отағасы, шын мәніндегі ұйытқысы болып отырғанын қуана әңгімелесе, ұстаз Раиса Биткова Ресейдің Орел облысының тумасы екенін, кезінде Гурьевке жолдамамен келіп, ұзақ жылдардан бері ұстаздық қызмет атқарып келе жатқанын айтты.

Сондай-ақ, ток-шоуда №20 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейдің X-XI сынып оқушылары – Богдан Николов, Яна Александрова, Михаил Масалин сынды жастардың қазақ тілінде ой бөліскендері көңілге жылылық ұялатты. Шынымен де, осы №20         А.С.Пушкин атындағы орта мектепте жеті ұлттың өкілі тату-тәтті өмір сүріп, білім алуда екен. Олар өзге ұлт өкілдері бола тұра, қазақ тіліндегі олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып жүр.

Жеміс ЖАНҒЫЛЫШЕВА, Атырау қалалық

№7 кітапхана меңгерушісі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button