СЕН ЖАЙЫҚТА МЕНІ КҮТІП ЖҮРСІҢ БЕ?!…

ШОЛПАН…

Жаңғырды даусым

Тынышсыз түн әлі,

Жауын…

Жаңбырлы маусым.

Жаным да жылады.

Өңімде, түсімде

Өткен шақ ойыма оралып,

Қалың…

Тұманның ішінде.

Кетесің жоғалып.

Ұмытқан,

Ұмытты десем де

Мені ойлап жүргендей ол кейде.

Ұмытқам,

Ұмытам десем де.

Санамнан өшпей жүр сол бейне.

Сүйіктің жаныңда жүр білем,

Қос айрық жол да енді.

Иесін іздеген бір гүл ең,

Кездеспей кетеміз болды енді.

Сенімен жолыққан

күндерім тәтті елес,

Түндерім жоғалсын тек мейлі.

Естелік боп қалды,

Есімнен кетпейді.

Екеуміз бір жүрген сәттер еш…

ҚҰЛАЗУ

Шертілмеген домбырадай шерлімін,           
Жан пернесін дөп басады

енді кім?            
Көкірегім күйге тұнып

тұрғанмен,    
Жыр жаза алмай

құлазыдым мен бүгін  

Ақындардың жаны – жұмбақ, дерті – мұң,      

Бір әуеннің сазын естіп елтідім. Ала құйын дауылдайын

даурықпай,        
О, ұлы өлең!

Жүрегіме бер тыным.

               
Сезімменен туған өлең

аяулы-ақ,        
Кезбе ойларым келді есіме

баяулап.          
Көз алдымда бара

жатты көлбеңдеп,

Кәрі аспанның төсіндегі

Ай аунап.       

Қараңғы аспан,

мазам қашқан тамұқ түн,           

Сен – мүлгуден,

мен – қалғудан жалықтым.          

Кермек ойлар түн түнекті

жамылып,    
Келетінін жаңа ұқтым…

ЖАН БОП КӨРІНДІҢ

Жан боп көріндің

бағымдай жанар,

Ән боп төгілдің

жанымдай қалар.

Сәтсіз махаббат,

тәтті естеліктер,

Өткеннің бәрі сағымға

айналар.

Ұнату. Сүю. Ғашық боп қалу, Адам ырқына

бағынбай ма олар?

Түнгі сезімдер. Кездесу кеші,

Түнгі көшелердің

шамындай жанар.

Ыстық құшақтың ыстық

бір демі,

Самал жел сынды тәнімді

аймалар.

Сол шақтарымды

өзіңмен өткен,

Жүрексіз емеспін

сағынбай қалар.

ЕКЕУМІЗГЕ КҮЛІП ҚАРАП ТҰРСА БАҚ

Ашулымын, қатқыл қабақ ашылмай,    
Тыныш түннің күйін бұзған жасындай.     
Жерошақта маздап жанған от сынды,      
Буырқанған бура мінез басылмай.

Күңіренгем, жарым түнде күрсінгем,     
Саған қарай барам, сәулем, бір күн мен.            
Жағасында жалғызсырап құлазып,      
Сен Жайықта мені күтіп жүрсің бе?

Сағыныштың бейнесі ғой күз деген,     
Тым жырақта жүр екенбіз біз неге?             
Есімді алған жанарыңның жарқылын,      
Ақ шарбы бұлт арасынан іздегем.

Атыраудың мұң торлаған аспанын,       
Мен кетерде жылады екен басқа кім ?                

 Қимастықпен қоштасарда мөлтілдеп,  
Құмға сіңіп кетті – ау ыстық жастарың.

Сен де күтіп жүрсің білем, күн санап,     
Ауыр ойлар алғанда есті тұмшалап.        
Кездесерміз, кездескен күн қауышып,     
Екеумізге күліп қарап тұрса бақ.

САҒЫНЫШ

О, Ақжайық!   
Алдыңда биік еңсем        
Сағынғаным жағаңа жиі келсем  
Алматыдай шаһарда білім қуған
Қырдың ерке баласын сүйіп ең сен.          

Алпамса тауларымнан да биік ең сен

Асқақ арманымнан да биік ең сен

Маған бақыт төсіңде туған жерім

Сенің топырағыңды сүйіп өлсем!

Абылайхан Жұмаш, 
Индер ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз