ДОСТЫҚТЫҢ АЛТЫН КӨПІРІ
Аталған шарада Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырау қаласында 290 мыңдай халық тұратынын, оның 14,5 пайызын өзге ұлт өкілі құрайтынын, ал 28 пайызы жастар екенін айта келе, тілге қатысты қалада өткізілген мәдени-көпшілік шараларға тоқталды. Әсіресе, 2011-2020 жылдары тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға арналған іс-шара жоспары қабылданып, оның жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын, ономастика саласында да біраз жұмыс жасалып отырғаны жайында әңгімеледі.
Шара кезінде Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қазақстан халқы тілдері күніне орай және мемлекеттік тілді дамытуға қосқан елеулі еңбегі үшін бір топ тіл жанашырын Алғыс хатпен марапаттады. Олардың арасында «Жас өрен» қоғамдық бірлесті-гінің жетекшісі Қайырғали Азилов, «Рекламир» жарнама агент-тігінің директоры Салтанат Марданова, «Нұрлы бұлақ» оқу орталығының директоры Зарина Сыздықова, Атырау қаласындағы №20 мектеп-лицей директоры Зухра Тоғайбайқызы, Атырау ауылдық округіндегі Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Гүлмира Какимовалар болды.
Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай өткен осынау шарада жергілікті жас әншілер – Ақмарал Жиреншиева, Зейнолла Сисенбаев, Мерей Қабдолов, Аружан Адырбаева, Зарина Қабдолова, «Еркемай», «Жұлдыз» би топтары тамаша өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді.
Лиза СЕЙТІМОВА.