Мемлекеттік қызметке – тек қана біліктілер!

Қоғам

  Мұхит ИЗБАНОВ, Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы:  Мемлекеттік қызметке – тек қана біліктілер! «Бұрын жоғары оқу орнын бітіріп келсеңіз, иә «Болашақ» бағдарламасының түлегі болсаңыз, сізді бірден министрдің орынбасары етіп тағайындайтын.

  Қазір мұндай жүйе жоқ. Міндетті түрде қызметіңізді төменнен бастайсыз. Ал, әрі қарай өрлеу – өз қолыңызда. Яғни, жас маманның алдында мақсат пайда болды. Олардың лауазымын жоғарылатуға барлық мүмкіндік беріліп отыр. Қазір сынақ мерзімі міндетті болып енгізілді. Және оған үш ай белгіленіп отыр. Егер маманның өз-өзін көрсетуіне үш ай аздық етсе, тағы сондай мерзім беріледі. Міне, бұл өзгерістердің барлығы кәсіби аппараттың қалыптасуына алып келеді» дейді Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұхит Избанов. – Мемлекеттік қызмет моделіндегі басты жаңалық – біздіңше, салаға енді отандық қана емес, шетелдік кадрларды да тарту мүмкіндігінің берілуі. Бұл туралы Ұлт жоспары бағдарламасында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев міндет жүктеді. Жаңа жүйе қазір қалай жұмыс істеп жатыр? – Мемлекеттік қызметке кез келген шетелдік азаматтар емес, білімі, салада тәжірибесі бар адамдар ғана іріктелініп, жұмысқа алынады. Бұл жерде бізге «Еңбек кодексімен» бірге, өткен жылы 15 желтоқсанда шыққан Үкімет қаулысы көмекке келеді. Біріншіден, шетелдік қызметкерлер арнайы тексерістен өтеді. Егер ол Астана, Алматы қалаларында жұмыс істейтін болса, мәселесі Мемлекеттік ұлттық комиссияда, облыстарға жіберілген жағдайда жеке құжаттары Өңірлік ұлттық комиссияда қаралады. Әрине, бұл біздің мемлекеттік қызметкерлеріміздің деңгейі төмен дегенді білдірмейді. Бірақ, тәжірибе алмасу мақсатында, шетелдік кадрларды тартқаннан ұтылмаймыз. Бұл жүйе салаға жаңа леп әкеліп, өзара бәсекелестіктің артуына да ықпал етер еді. Шетелдік кадрлар әзірге біздің облысымызда жоқ. Десе де, бұл үрдіс республикада бар. Шетелдік мамандар қазір минис-трліктерде, Үкіметте консультант болып қызмет атқарып жүр. – Мемлекеттік салаға шетелдік кадрларды тарту тәжірибесі қандай елдерде бар? Біз кімдердің үлгісіне сүйеніп отырмыз? – Бұл тәжірибе Сингапурда, Малайзияда, Англияда бар. Және оң нәтижелер беріп отыр. – Қоғам болған соң, түрлі көзқарастың болуы да шартты нәрсе десек, «шетелдік кадрларды мемлекеттік қызметке әкелу ұлттық қауіпсіздігімізге кері әсерін тигізбей ме?» деген де сұрақтар туындап жатады… – Біздің мақсатымыз – шетелдік кадрлармен арада тәжірибе алмасу. Және олар арнайы тексерістен өткеннен кейін ғана, мемлекеттік қызметке алынады. Бұл жерде бізге олардың жаңалықтарын, технологияларын игеру маңызды. Сондықтан, мұндай әдіс – саланы одан әрі дамыта түсуге оң ықпал етеді деп ойлаймын.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған