Жарнама
Қоғам

«Динада» – діни орталық

Атырауда «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының «Дина» сауда орталығындағы филиалы ашылды. Мұндағы мақсат – деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге қатысты оңалту жұмыстарын жеделдету.

Screenshot_3

«Мәңгілік елге айналу мақсатында дәстүріміз бен мәдениетімізді сақтап қалу жолында деструктивті діни ағымдардың кері әсерін жоюдың маңызы жоғары. Сондықтан, біз «Дина» сауда орталығында дін ұстанатын азаматтарға  әсіресе,  жастарға дұрыс бағыт беруді көздейміз» деді орталық мамандары.

Аталған шараға облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Полымбет Хасанов пен «Шапағат» қоғамдық қорының өкілдері қатысты. Облыстық дін істері басқармасының басшысы биыл қор көптеген әлеуметтік жобаларға бастамашы болғандығын атап айтты.

−  Деструктивті діни ағымдар қоғамның тұрақтылығына үлкен зиянын тигізіп отыр. Осындай келеңсіз жайттардың алдын алу үшін діни бағытта әлі де  көптеген жұмыстарды қолға алуымыз керек, — деген ол қор жұмысына сәттілік тіледі.

«Шапағат» қоғамдық қорында бүгінде  12 теолог, психолог пен әлеуметтанушы және тарихшы мамандар қызмет етуде.

 

Мәлике Қуанышева

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button