Жарнама
Қоғам

ДЕПОЗИТ: ӨТЕМАҚЫ КІМДЕРГЕ ТИЕСІЛІ?

 

«Бар пәле 2014 жылдың 23 желтоқсанынан басталды. Жиған-терген 1 миллион 550 мың теңге ақшамды екінші деңгейлі банктердің біріне барып, депозитке салдым. Әр кезеңде қажеттілігіме қарай депозиттен аз мөлшерде ақшаны да алып тұрдым. Бірақ, өткен жылы теңге бұрын-соңды болмаған деңгейдегі девальвацияға ұшырап, қоғам әрі-сәрі күй кешкен кезде менің мақсатымның да күл-талқаны шықты. Теңге күн санап құнсызданған сайын, миллионнан сәл асатын жинағым көз алдымда құлдырап барады. Екінші деңгейлі банктер депозит салымшыларына валюталық айырмаға байланысты өтемақы төлеп жатыр. Бірақ, мұның өзі барлық салымшыға қатысты болмайын деп тұр» деген Қайрат Мұқанғалиев редакциядан көмек сұрады.

 «Қандай жағдайда да салымшылардың барлығына бағамдық айырма төленуі тиіс!» дейді «клиенттікі қашан да дұрыс» деп есептейтін Қайрат Мұқанғалиев.

Мәселенің анық-қанығын білу үшін  «ҚР Ұлттық банкі» АҚ Атырау облыстық филиалына сұрау салдық. Банк филиалының хабарлауынша, өтемақы екінші деңгейдегі банктерде ғана емес, «Қазпошта» бөлімшелерінде теңге валютасымен ашылған депозиті барларға да төленеді екен. Бірақ, «2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша, банк шотындағы салым бойынша қалдық 1 миллион теңгеден аспауға тиіс. Сондай-ақ, өтемақы алу үшін салымшы депозитті қайта ресімдеген күннен бастап кемінде бір жыл мерзімге депозитті арнайы шотта сақтау жөнінде өзіне міндеттеме қабылдайды» делінген. Яғни, бас банк бекіткен тәртіп бойынша, салымшы Қайрат Мұқанғалиевке бәрібір өтемақы төленбейді екен.

P.S.  Бір ғана Атыраудың өзінде Қайрат сияқты мыңдаған салымшылар жүр. Және бұл сұрақ сол мыңдаған Қайраттарды қинап та жүр. Қаласақ та, қаламасақ та, өтемақы салымы 1 миллионнан аспағандарға ғана тиесілі екен. Ал, көз алдында жинағы құлдырап бара жатқандарға қайтпек керек? Ұлттық валютаның құны қайткенде көтеріледі? Жалпы, ұлттық валютада депозит ашқандарды қандай «тосын сыйлар» күтіп тұр? Өкінішке орай, бұл сұрақтардың

барлығы әзірге басы ашық күйінде қалып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button