Жарнама
Қоғам

ДӘСТҮРДЕ ҮЛКЕН МӘН ЖАТЫР…

Парсы тілінен түркі тілдес халықтарға өткен наурыз «жаңа күн» деген мағынаны береді. Наурыз мерекесін ирандықтар мұсылман болмай тұрып та тойлайтын еді. Оны байырғы түркілер де атап өткен. Ал, кейінірек парсылар мен түркілер Ислам дінін қабылдаған соң, біраз мұсылман ғалымдар наурыз мерекесін атап өтуге болатынын алға тартқан. Тарихшылар арасында наурыз мерекесін Мұса (а.с.)  және Сүлеймен (а.с.) пайғамбарлармен байланыстырғандар да бар.

Наурыз мерекесіне хазірет Әли және Муауия сынды сахабалардың қарсы болмағандығы тарих кітаптарынан да мәлім. Тарихшы әлХатыб әлБағдадидің айтуынша, имам Әбу Ханифаның атасы Нұғман ибн Марзубан сахаба Әли ибн Әби Талибке наурыз күні «фәлузаж» деп аталатын бір тәтті тағам ұсынған екен. Хазірет Әли «бұл недеп сұрағанда, Нұғман ибн Мәрзубан «наурыз күніне орай пісірілген тәтті тағам» деп жауап берген екен. Сонда сахаба Әли «Бізге күніге осындай наурыз тағамын әкеліп тұрыңдар» деген екен. Сахаба Әлиге наурыз тағамын бірнеше адам ұсынған деседі.

Наурызды атап өтуге Кеңес Одағы кезінде заңмен тыйым салынды. Өйткені, ол заманда «наурызислам дінінің қалдығы» деген түсінік болды. Бірақ, араға 62 жыл салып наурыз мейрамы халықпен қайта қауышты. Оған себеп кезінде қазақтың белгілі ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің І хатшысы Г.В.Колбинге наурыз мейрамын тойлауға рұқсат беру жөнінде жазған хаты еді. Сол кезде ұсынысқа саяси бюроның тек екі мүшесі ғана қолдаймыз деп дауыс берген екен. Сол себепті Мұхтар Шаханов осы мәселемен Г.В.Колбиннің қабылдауына кіреді. Ол саяси  кеңестің толық қолдамағаны себепті рұқсат берілмейтінін айтып, шығарып салмақ болады. Сол кезде Мұхтар Шаханов «Кешегі Желтоқсан оқиғасынан кейін қазақ халқы мен орыс халқы арасына сына қағылды. Халық екіге жарылды. Сіз Наурыз мейрамын тойлауға рұқсат етсеңіз, қазақ халқы сізге басқаша қарайтын болады. Сізді әрдайым қолдайды, екі ұлт бірігеді» дейді. Осы сөзден соң өзгеріп сала берген Колбин Горбачевті тосын шешімнің қабылдануына көндірген екен. Міне, осылайша 1988 жылдан бастап, әз Наурыз қайта жаңғырды.

Өз заманында Кеңес үкіметі Наурыз мейрамынан діни сипат іздеп қателесті. Шын мәнінде наурыз парсы, түркі халықтарының төл мерекесі болып табылады. Ол Ислам діні келмей тұрып та тойланған. Бұл мерекенің шариғатқа еш қайшылығы жоқТек мұсылман қауым мереке кезінде отты айналу, оттың үстінен аттау сияқты әрекеттерден аулақ болуға тиіс.

Қанат ЖҰМАҒҰЛ,

теолог, Атырау қалалық

«ӘтТақуа» мешітінің

наиб имамы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button