Қоғам
ДӘРІ БАҒАСЫН АЛДАП САТТЫ
Кейіннен білсек, оның шын бағасы 2560 теңге екен. Осылайша біз фармбөлімшемен хабарласып, дәріханадан артық бағасына сатып алған дәрінің үстіндегі ақшасын (ол аз емес, 1640 теңге) чегімізді көрсету арқылы жаңағы дәріханадан қайтарып алдық. Дәріні қымбат бағасына сатқан дәріхана фармацевті нені ойлады, білмедім. Талай адам осылайша алданған да шығар. Еңбек етіп, жалақы тауып отырған ұжымын сыйламайтын мұндай қызметкерлерге қатаң шара алған дұрыс. Әйтпесе, халықтың дәріханаларға, ондағы дәрілердің бағасына деген күмәні көбейеді.
Бибидан АҚМҰҚАНОВА,
еңбек ардагері.