ДАРА ДА, ДАНА ТҰЛҒА

«Егеменді ел тарихындағы  дара тұлға». Тұңғыш Президент күніне орай, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжде осындай тақырыппен іс-шара болып өтті.

 

Колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мақсат Өсербаева тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы Мемлекет басшысының рөліне тоқталып өтті. Одан әрі Елбасының өмірбаяны, жастық шағы, саяси қызметі туралы мағлұматтар айтылып, Президент туралы деректі фильм көрсетілді.

 «Биылғы мерекенің айрықша оқиғаcы – Президент  Жолдауымен тұспа-тұс келуінің әрі саяси, әрі символдық мәні бар. Әлемді жайлаған дағдарыс, геосаяси картадағы өзге де күрделі ахуал жағдайында елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтаудың маңызына тоқталған Президент жас буынға да үлкен міндеттер жүктеді. Біз жастарымыздың осы талап үдесінен шығуына ықпал ететін боламыз» деп атап өтті шараны ұйымдастырушы «Өнер және мәдениет» бөлімінің меңгерушісі Дәулет Сәлімов.

Іс-шара барысында мемлекет саясатын насихаттауда белсенділік танытып жүрген ұстаздар мен студенттер тобы марапатталды.

Б.АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз