Дамудың іргетасы – патриотизм
Мемлекеттігімізді нығайтып, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызуда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының маңызы бір бөлек. Аталған құжат бүгінде көпшілік тарапынан қолдау табуда.
Соның ішінде 85-қадам – «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу туралы Елбасының тапсырмасына ерекшеназар аудардым. Елімізде өткен жылы қабылданған Қазақстан Республикасының мәдени саясат тұжырымдамасында оның стратегиялық басым бағыты – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы екені атап көрсетілген болатын. Облысымыздың мәдениет саласының қызметкерлері жыл сайын, орта есеппен алғанда, 20 мыңнан астам мәдени-көпшілік шара ұйымдастырады. Бұл шаралардың әрқайсысын өткізуде ұлтты біріктіруге, мемлекеттілікті нығайтуға қызмет ету, жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қосу сынды асқақ мақсаттар көзделеді.
Қай мемлекеттің де өркендеп, дамуына азаматтарының Отанға деген сүйіспеншілігі, патриотизмі іргетас болады. Осы орайда 89-қадамда мектептегі білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу жөнінде баса айтылған. Біз «Болашақ – жастардікі» дейміз. Расында, алдағы жылдарда елді дамытатын да, сол дамыған дәуірдің жемісін көретін де – жастар. Жастарымыздың білімді, денсаулықтары мықты болып өсулері үшін ғана емес, сонымен қатар, олардың өз елінің шынайы патриоттары болып өсуі жолында тер төгу – бүгінгі аға буын өкілдері үшін зор міндет.
Ринат ӘМІРОВ,
Атырау облысы бойынша қазынашылық департаментінің әкімшілік бөлім басшысы.