Қоғам
Даңқты Доссордың екінші тынысы
Мақат ауданына қарасты Доссор бұрын-соңды болмаған жаңаруды бастан өткеріп жатыр. Бүгінде кентішілік 6,4 км жол жөнделуде. Автокөлік және жаяу жүргінші жолдарын күрделі жөндеуге 734 млн. 518,2 мың теңге бөлінді.
Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Максим Қостанбековтың айтуынша, Доссор кенті бойынша А.Нұрсейітов, А.Мантаев, Б.Қанатбаев көшелері, №5 лицей, Теміржол қиылысына дейінгі автокөлік жолы, өкпе аурулары ауруханасына баратын жол, 27 ықшам ауданның ішкі айналма жолдары жөнделіп жатыр. Мердігер — «Атырауинжстрой» компаниясы.
Абай АҚМҰРЗИЕВ