Ертең Қызылқоға ауданының әкімі Арман Баженов тікелей желіде есеп береді
Ертең, яғни, 5-ші ақпан күні Қызылқоға ауданының әкімі Баженов Арман Сырымұлы тікелей эфир арқылы есеп береді. Жергілікті сағат 18:00-ге жоспарланып отырған тікелей эфирге Атырау облысы әкімдігінің
Facebook https://www.facebook.com/AkimatAtyrau
және Instagram https://Instagram.com/akimat_atyrau желілеріндегі парақшалары арқылы қосылуға болады. Сонымен, ауыл шаруашылығымен танымал Қызылқоға ауданы тағы қай бағытта дамуда? Тұрғындарды толғандыратын ауданның өзекті мәселелері қандай? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алғыңыз келсе және өзіңіздің қояр сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, тікелей эфирге қосылыңыз!
Еске сала кетелік, Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша 2019 жылдың ақпан айынан бері мемлекеттік органдардың басшылары Атырау облысы әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде есеп беруді бастаған болатын.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.