Жарнама
Қоғам

Атырауда қайырымдылық спорт фестивалі өтті

 «Шынықсаң – шымыр боласың».  Осындай атаумен Атырау қаласында «Мұнайшы» спорт кешенінде қайырымдылық спорт фестивалі өткізіліп, оған  «Шаңырақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері мен еріктілер қатысты.

sha yira 2

Фестивальді ұйымдастырушылардың бірі, «Жас өрен» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аслан Аманжоловтың айтуынша, шараға қатысушы жасөспірімдер өңірімізде әлі толық танылып үлгермеген кроссфит, зумба, иога тәрізді спорт түрлерінің жаттығу элементтерін бірлесе жасап, білікті спорт мамандарының спорт түрлері жөніндегі шеберлік сабақтарын тамашалады. Осы арқылы  олар қатысушылардың қай спорт түріне қызығатынын, бейімділігін анықтап, алдағы уақытта соған сәйкес түрлі сайыстар ұйымдастыруды көздейтіндігін мәлімдеді. Сонымен қатар, шарада бүгінгі күні көпшілік қызығушылық танытып жүрген ММА, каратэ тәрізді спорт түрлерінің әдіс-тәсілдерінің қолдану жолдары көрсетіліп, жаттығу соңынан қатысушылардың әрқайсысына су жаңа бокс қолғаптары үлестірілді.

 Сондай-ақ, осы шараның жалғасы ретінде «Тамаша» сауда ойын-сауық орталығында «Шаңырақ» балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өз қолдарымен жасалған түрлі бұйымдар, әшекейлер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

sha yira 3
sha yira

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ.

Related Articles

2 Comments

  1. Аслан Аманжолов Аманжолулы, кызды зорлап кайдагы кайрымдылык. Алла кеширет деп оилаисынба? Отирик бетперденди шесши. Кызды алдап зорлап, кашып кеттингои.

  2. Кешырыныз мундай маселены прокуратурамен шешыныз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button