Атыраулықтар сал ауруына шалдыққан бүлдіршін Эльнар Соколовқа көмек көрсетті

dovira 10 Қоғам

Атыраулықтар сал ауруына шалдыққан бүлдіршін Эльнар Соколовқа қаржылық қолдау көрсетті.

dovira 10
Қайырымдылық шарадан көрініс

«Довира» украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Сарқыт» қайырымдылық акциясы аясында «Мелодия души» қайырымдылық концерті және «Baizar» ойын-сауықтыру кешенінде шара өтті.

Шара аясында балалар мен ересектерге  «Хуторянка» шығармашылық ұжымы «Атамекен», «Заинька», «Вышиванка», «Зеленее жито», поппури әндерін шырқады. «Мрия» вокалдық дуэті «Көзімнің қарасы», «Тримай» әндерімен, ал «Тропикана», «Фламинго» би студиясының, «Фантазия» вокалдық студиясының биші, әншілері көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

                                                                                       Мирас БАУЫРЖАНҰЛЫ.

dovira 6
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз