Жарнама
Қоғам

«CLEVER KIDS» – ЖАҢА ТҰРПАТТЫ БАЛАБАҚША

 

«Clever kids» – ағылшын тілін оқыту жүйесін қамтитын заманауи инновациялық бағдарлама атауы болып табылады. Бүгінгі ата-ана баласының білімін қадағалауға үлгере бермейді. Орталық құрылтайшысы Жанна Еламанованың айтуынша, осы кемшіліктің орнын толтыру – басты мақсат. Елбасының өзі «Қазақстан халқының әл-ауқатын  арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деп атап өткен болатын. Соған сәйкес, 2020 жылға дейін жеке балабақшалар мен шағын орталықтарды көбейту қажет. Осы бастаманың негізінде жеке кәсіпкер өз кәсібін өркендетуді де қолға алған.

Орталық директорының орынбасары Гүлжан Жұмашева ҚР Білім және ғылым министрлігі алдағы уақытта он екі жылдық білім беруге көшуді ұсынып отырғанын алға тартады.

– Жаңа нысан 56 орынға есептелген. Алдағы уақытта 14 баладан төрт топ ашқымыз келеді. Мұнда мектеп бағдарламасына қоса Зайцев, Монтесори және тағы да басқа белгілі педагогтардың әдістемелері пайдаланылатын болады. Сабақты үш тілде өткізу жоспарлануда. Оқу бөлмелері қажетті құрал-саймандармен жабдықталған. Балалардың уақытымен тамақтанып, тынығып алуы үшін ас және жатын бөлмелері бар. Түске дейін балалар мектеп бағдарламасы бойынша оқытылса, қалған уақытта би секілді әртүрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Оған көп кешікпей таэквандо сияқты спорт  үйірмелері де қосылмақшы, — дейді мекеме басшысы.

Ал, осында екі немересін ертіп келген  Бағила Расимқызы: «Мағжан Жұмабаев айтқандай, бала – жас шыбық секілді, өскен соң түзетуге келмейді. Баланың бойына біткен жақсы-жаман қасиеттерді уақытында аңғарып, тиісті шаралар қолдану – ұстаздың ұлы міндеті. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиенің мәні зор» дейді. Бұл пікірге Атырау мемлекеттік университетінің түлегі, ағылшын тілінің мұғалімі Алтынай Қанатова да қосылады: «Үштұғырлы тіл саясатын ұсынған Ұлт Көшбасшысы мұғалімдерден көп  еңбектенуді талап етіп отыр. Осы ретте, қазір бүлдіршіндерге ағылшын тілін үйрету ауадай қажет». Айта кетейік, орталық «Центральный», 7 «а» мекен-жайында («Светлана» аялдамасының арты) орналасқан.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button