Жарнама
Қоғам

Цифрлық даму – стратегиялық басымдық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында еліміз үшін тарихи әрі стратегиялық маңызы зор бастамаларды көтеріп жатыр. Соның ішінде — Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы ұсынысы – уақыт талабынан туындаған, алға ұмтылған шешім деп толық сеніммен айта аламыз.

Президент атап өткендей, экономиканың барлық саласын жаңғыртудың бірден-бір жолы – жасанды интеллектті жаппай енгізу. Бұл тек технологиялық қадам емес, бүкіл басқару жүйесі мен қоғамның жұмыс тәсілін өзгертуге бағытталған іргелі өзгеріс. Бүгінгі таңда цифрлық шешімдер мен интеллектуалды жүйелерді пайдалану – ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің негізгі көрсеткішіне айналып отыр. Демек, Қазақстанның бұл бағыттағы нақты және батыл қадамы – жаңа дәуірге қадам басу деген сөз.

“AMANAT” партиясы Атырау облыстық филиалы Мемлекет басшысының бұл бастамасын толық қолдайды және аймақта цифрлық даму мен жасанды интеллектті енгізу бойынша нақты қадамдар жасауды басты міндеттерінің бірі деп санайды.

Атырау өңірі — мұнай-газ секторы мен өндірістік әлеуеті зор аймақ. Бұл салаларда интеллектуалды технологияларды енгізу – еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай, экологиялық, кадрлық және экономикалық тиімділікті де жаңа деңгейге шығарады. Сонымен қатар, бұл жастарға жаңа мүмкіндіктер, заманауи мамандықтар мен технологиялық кәсіпкерлікке жол ашады.

Бүгінде елімізге IT саласындағы білікті кадрлар, инноваторлар, жас технопарктер мен ғылыми-зерттеу институттары қажет. Жаңа министрлік осы салаларды үйлестіріп, ұлттық цифрлық даму стратегиясын жүзеге асыратын басты қозғаушы күш болуы тиіс деп есептейміз.

“АMANAT” партиясы бұл бастаманы негізге алып, жүйелі түрде партиялық жобалар аясында жастарды цифрлық салаларға бейімдеу, аймақта цифрлық инфрақұрылымды дамыту және бизнеске жаңа технологияларды енгізу бойынша кешенді жұмыстар жүргізуге дайын.

Мемлекет басшысының бұл Жолдауы — жаңа буынның, жаңа форматтағы Қазақстанның жол картасы. Біз, атыраулық аманаттықтар, осы міндеттерді орындау жолында жұмыла жұмыс істеуге дайынбыз.

Абдолла ИДРЕСОВ,

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button