Жарнама
Қоғам

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардабын жоюға Атыраудан қатысқан 126 адамға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 100 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек төленді.

Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Сонымен қатар, ядролық сынақтардың салдарынан қайтыс болған азаматтардың отбасыларына да қаражат берілді. Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хат актілерін тіркеу бөлімі қызметкерінің айтуынша, апат орнында болған ардагерлерді қолдау, әлеуметтік-сауықтыру шаралары тұрақты жүргізіліп келеді. Осы орайда, азаматтарға ай сайын коммуналдық шығындарын өтеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп отыр. Айта кетейік, атом энергетикасы тарихындағы ең ірі жарылыс — Чернобыль апатына биыл 36 жыл толып отыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button