Бозбала бойындағы намысты қалай оятамыз? 

e4c52c02 dd5b 4ba1 bfaf ae6b91f540b1 Қоғам

Облыста соңғы бес жылда әскерге шақыру жүктемесі орындалмай отыр. Осы бағыттағы жұмыстар жүйелеуді қажет етеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Сәкен Жүсіповтің қатысуымен өткен жиында облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев айтып берді.

Əскери қызметке шақыру жағдайы талқыланған, күзгі науқанға қойған міндеттемелер сараланған басқосуда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Эльдар Шыңғалиев баяндама жасады. Дегенмен, сандарды жариялап, деректермен дəлелдеуді жөн көрмедік.

Атырау қаласы əкімі аппаратының басшысы Самат Емберген шаһар бойынша көктемгі əскер қатарына шақыру жұмыстары 100 пайызға орындалғанын жеткізді. Балықшы шағынауданындағы қалалық əскерге шақыру пунктінің ғимараты талапқа сай келмейтінін, оның құрылысы үшін жер бөлініп, құжаттар жасақталғанын, қаржыландыру мəселесі қаралып жатқанын жеткізді. Облыс əкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев шекара қызметі бойынша жүктеме орындалмағанын еске салды.

– Жүктеме бойынша қаладан 10 бала баруы керек болса, жоқ дегенде 20-25 жасты шақырту қажет. Кеше шақырылғандардың жартысы тек- серулерден өтпей жатыр, фактілер бар. Әскерге барудан бас тартып жатқандар да жоқ емес, – деген Қайрат Талапұлы мұндай олқылықтарды жою үшін жергілікті учаскелік полициялармен жұмысты күшейту керегін алға тартты. Ал, осы орайда Самат Емберген хабарлама жіберілсе да, шақыру пунктіне келмейтін жастардың барын жасырмады.

Жалпы, ер-азаматтың Отан алдындағы боры- шын өтеуі – абыройлы іс. Үлкендердің аузынан

«Әскер – өмір мектебі» дегені жиі естиміз. Бұл қағида қай кезеңде де күшін жоймайтыны анық. Жиын барысынан ұққанымыз, жастар арасын- да өз қалауымен әскерге сұранып барушылар қатары соңғы жылдары сиреп кеткен. Әсіресе, бұл жағдай жоғары және арнаулы оқу орында- рын бітірген жастардың арасында белең алғанға ұқсайды. Негізінен жастардың әскери өмір тура- лы ақпараты мен түсінігі жеткілікті болғанымен, бес минутсыз маман атанғалы отырған түлектер Отан алдындағы борышын өтеуге асығар емес. Ал, желкелеп жүріп, учаскелік полицияның көмегімен әскерге мәжбүрлеп жіберу әскер жасындағы жігіттердің бір бөлігі бұл міндетті атқаруды маңызды деп санамайтындығының айғағы емес пе?

Исатай ауданы әкімінің орынбасары Нұрғайша Әбежанның айтуынша, бұл жағдайда

әскердегі өмір туралы түрлі ақпараттардың да әсері бар.

– Әскердегі әлімжеттік, соққыға жығу, су- ицид пен кездейсоқ өлім сияқты факторларды жоққа шығаруға болмайды. Оның үстіне қазіргі ақпараттық қолжетімділік пен сенсация қуу он- сыз да үркек көңілді жастың үрейін ұшыруы мүмкін, – дейді ол.

Рас, әскердегі әлімжеттік туралы ақпараттың жиі жарияланатынын жоққа шығаруға бол- майды. Бірақ, оқып отырып – көрсоқырлық та- ныту журналиске сын. Мұндай ақпараттарды еліміздің қорғаныс саласында орын алып отырған кемшіліктердің алдын алу мен салдарын жоюға деген ниеттен туған жариялылық талабы ретінде қарастырған жөн болар.

Қалай десек те, жария болған жайлар

қазақ әскерінің ел алдындағы беделіне нұқсан келтірмесі анық. Демек жастардың әскери бо- рышын өтеуге деген ынтасы мен сеніміне сел- кеу түсіретіндей көлденең себеп жоқ деген сөз. Есесіне, Отан алдындағы азаматтық парызды өтеуге деген ниет бозбаланың бойындағы на- мысты оятуы тиіс. Оның үстіне әскери борышын өтеу елімізде арнайы заңмен реттеледі.

Құрманғазы ауданы әкімінің орынбаса- ры Нұрлыбек Қалиевтің айтуынша, әскери бөлімнің ғимараты 1980 жылы салынған. Талапқа сай келмейді. Қорғаныс министрлігінің теңгерімінде болғандықтан нысан күрделі жөндеуден өткізілмей отырған көрінеді. Облыс

әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев ғимараттың жағдайы реконструкцияға келе ме, келмей ме ал- дымен соны анықтап алу қажеттігін тапсырды.

Қызылқоға ауданы да бұл науқанмен бел- сене айналысуда. Есеп бойынша көктемгі-күзгі әскерге шақыру жүктемесі толықтай орындалған.

– Жергілікті әскери басқару органдарының, денсаулық сақтау және құрылымдық күштердің өкілдерінен құралған шақыру және медициналық комиссиясы әскерге қабылданушыларды түбегейлі тексеруден өткізеді. Комиссия мүшелері әр үміткердің алған білімін, мамандығын, отба- сы жағдайын, қызығушылықтарын, спорттағы жетістіктерін назарға ала отырып, денсаулық жағдайына қарай мерзімді әскер қатарына қабылдау туралы шешім шығарады, – деген Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының жетекшісі Асылбек Жанқуатов әскери борышын өтеуге

өз еркімен ынта білдіруші жастардың барын да айтты. Жиында сөз алған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бастығының орынбасары, генерал- майор Сәкен Жүсіпов мерзімді әскери қызметін өтегендерге жоғары білім алуға жеңілдік берілетінін жеткізді. Яғни, әскерде болған азамат екі жыл ішінде ҰБТ нәтижесінсіз ақылы негізде оқуға түсе алады. Ал, бұрынғы әскери қызметшілерге жоғары оқу орындарының әскери кафедрасында тегін оқуға

мүмкіндік беріледі.

– Қорғаныс министрлігі тиісті ережелерге

өзгеріс енгізу жұмыстарын бастап кетті. Жоба келесі жылдан бастап іске асады. Мұндай жеңілдіктер қазір борышын өтеп жүрген азаматтарға және осы күзде әскерге шақырылатын сарбаздарға жасалады, – деді әскери басшы.

Жалпы, шекарасы шегенделген, ал, әскери қуаты еселенген елде «Отанды кім қорғайды?» деген мәселе туындамауы тиіс.

Біздің жағдайымызда Қазақстанның даму- шы ел ретіндегі әскери әлеуеті ауыз толтырып айтарлық. Осы орайда, Жаңа Қазақстанның тыныштығын қазақ әскері қас қақпай қорғайды деп сенеміз.

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз