БОС ЖҮРІСКЕ МҮМКІНДІК БЕРМЕУ КЕРЕК…

– Бос жүріс балаларды жат қылықтарға жетелейді. Дін атын жамылған түрлі ағымдардың жетегіне еріп кетуі де ықтимал. Сондықтан, балалардың текке жүруіне мүмкіндік бермеу керек.
Мәселен, Кеңес заманында «стройбат» жүйелі қызмет етті. Мұнда Отан алдындағы борышын өтеуші азаматтар әскери тәртіптің тәсілдерін меңгеріп қана қоймай, құрылыс жұмыстарында да қызмет жасады. Әскери құрамда құрылыс саласымен айналысатын арнайы бөлімше де болды. Олар қалаларда түрлі нысандарды тұрғызуға атсалысты. 1980 жылы Мәс-кеуде өткен Олимпиада ғимараттары жауынгерлердің күшімен бой көтерді.
Тіпті, «Байкал – Амур» темір жол құрылысын салуға да жас жауынгерлер күш жұмсаған болатын. Міне, осындай жұмыстарды бүгінде жан-жақты қолға алу маңызды. Бұл жастарды еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Ендігі уақытта министрлікте көтерілген мәселе оң шешімін тапса дейміз.

Бақтығали ӘЛІМБАЕВ,
№41433 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз