Қоғам
БОЛАШАҒЫ ЗОР ФУТБОЛШЫ ЕДІ
Достарының айтуынша, футболға жан-тәнімен берілген Мақсат үнемі көңілді жүретін. «Ол футболды ерекше жақсы көруші еді. Командадағы ойыншыларды жігерлендіріп, қалайда жеңіске жетуге шақырып отыратын» дейді достары.
— Мақсат арамыздан тым ерте кетті, — дейді «Атырау» ФК қосалқы құраманың аға жаттықтырушысы Тимур Үкібаев. — Футбол спортында болашағынан үлкен үміт күттіретін ойыншылардың бірі еді. Өте жақсы ойыншы, кішкентай кезінен бастап өзім тәрбиелеп келгенмін. Адамгершілігі де жақсы. Ата-анасынан жақсы тәрбие алған, үлкенді сыйлай, кішіні құрметтей білуші еді.
Бетті дайындаған Айгүл Ертілеу.