Жарнама
Қоғам

Бөгет салу жұмыстары аяқталады

Атырау қаласында өткен жылдың желтоқсан айынан бастап су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл туралы Атырау қалалық мәслихатындағы
«AMANAT» партиясы депутаттық фракция отырысында айтылды.

a47e03a4 bf40 42d4 84e7 5a1607f6d39e

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Тілек Махуовтың сөзінше, былтыр Атырау қаласы мен қалаға қарасты округтер бойынша «Жайық» өзені жағалауына 250 км бөгет салынған. Қазіргі уақытта бөгеттердің осал жерлерін бекіту және қосымша бөгет салуды қажет ететін жұмыстар жүргізіліп жатыр.
– Алмалы ауылы тұсынан қосымша 2,5 км (100 млн) бөгет салу жұмыстары жүргізіліп жатыр, «Сарыөзек» каналы бойындағы көктем уақытында салынған 5,6 км (196 млн 500 мың) бөгетке жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Алмалы ауылдық округіне қарасты Бугорки бау-бақшасы мен Береке ауылы тұсындағы тұсынан 5,7 км (161 млн) бөгет салу жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деді Тілек Алдабергенұлы.
Сондай-ақ Алмалы ауылдық округіндегі «Атамұра» демалыс орыны тұсынан 2,8 км бөгет салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Отырысқа қатысқан фракция мүшелері былтыр салынған бөгеттерді бетондау және жағалауларды жақсарту жұмыстарының қалай атқарылып жатқандығы туралы да сұрады.
Қала әкімінің орынбасарының айтуынша, Қайыршақты ауылдық округіне қарасты ауылдарда бөгеттерге қосымша жаға бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта облыстық табиғи ресурстарды және пайдалануды реттеу басқармасына облыстық бюджеттен қаржы қарастыру бойынша ұсыныс енгізілген.
Сонымен қатар, қала аумағында 95 эвакуациялау орындары және 10025 төсек орын дайын.
Атырау қаласы бойынша су тасқынын алдын алуға және зардаптарын жоюға 10 қайық, 31 мотопомпа, 17 генератор, 10000 дана күрек және 1 млн дана қап дайын.
Барлық бөгет салу жұмыстары биылғы 30 наурызына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.
Фракция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Ақылбек Құлбарақов Атырауда көктемгі су тасқыны кезінде 18 шақырым бөгет бекітіп, еңбегінің ақысын ала алмай сотқа жүгінген «АГК Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жағдайына қатысты сұрақ қойып, мұндай жағдайдың орын алу себебіне түсінік беруін сұрады. Қала әкімінің орынбасары істің облыстық сотта жалғасып жатқандығын айтты.
Фракция мүшелері болжам бойынша қандай көлемде су келе жатқаны туралы сұрағанымен қалалық әкімдіктің өкілі нақты мәлімет жоқ екендігін айтты. Сондай-ақ бөгет салу жұмыстары мен гуманитарлық көмекке жұмсалған қаржының есебі туралы сұрақтар да қойылды.

Алмас ҚАБДОЛОВ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button