Жарнама
Қоғам

БІЗДІҢ МҰРАТЫМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛ

 

Патриотизм идеясы тек қана жастар емес, бүкіл қоғам үшін мәні мен мазмұны зор, елдің азаматтарын олардың тілі немесе ұлтына, дініне қарамастан біріктіре алатын, қазіргі заманның прагматизміне де сәйкес келетін ұғымдарға негізделуі қажет. Елімізде жоспарланған ұзақ мерзімді стратегия «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында біртектілік пен бірліктің негізгі принципі ретінде Мәңгілік ел патриоттық актісі жобасын әзірлеу қажеттігі айтылады. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы, Ассамблея жылы, жуырда ғана болып өткен «Мәңгілік ел — болашағы біртұтас ел» республикалық патроиттар форумы секілді маңызды оқиғалардың бәрі де қоғам мен жастар арасында отансүйгіштік сезімінің қалыптасуы мен тереңдеуіне ықпал ететін шаралар болып табылады.

Қазақстандық патриотизмді мағыналық жағынан толықтыратын құрылымдық элемент – елдегі этносаралық және дінаралық келісім саясатының көпшіліктің қолдауына ие болуы. Бұл ұғымның толыққандылығы да осы идеяның іске асуымен тығыз байланысты. Ұлттар мен халықтардың бір мемлекет ішіндегі оқшаулануы мен әлеуметтік-мәдени, құқықтық жағынан шектелуі қашанда ұлтаралық қатынастың дағдарысына әкеліп соқтырары сөзсіз, сондықтан қоғамдық институт ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының, «қоғамдық келісім» мекемесінің Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы рөлі мен мүмкіндігін ескере отырып, оны толығынан пайдалануы қажет деп білемін.

Мәңгілік ел болудың бір шарты өзіңнің қуатыңды, әлеуетіңді арттыра отырып басқа елдермен тығыз қарым-қатынаста болуың. Біз өркениеттік өресі биік ел ғана өзін тарих толқынында сақтай алатынын естен шығармауымыз қажет. Мәңгілік ел болудың тағы бір жолы сол елге болашақта ие болатын, оның мәңгілігін қамтамасыз ететін жастарды тәрбиелеу, дайындау. Жаһандану үрдістері, ақпараттық-технологиялық  өркениет қазіргі жастардың бойында ұлттық болмаса мемлекеттік құндылықтарға деген бейтарап көзқарасын тудырып отырғаны жасырын емес. Сондықтан, ұлттық құндылықтар мен дәстүрді жастардың  бойына сақтай отырып, заманауи білім мен технологияны игеру арқылы еліміздің ертеңінің беріктігін, биік рухын мирас қыла аламыз. 

Өмірбек БЕКЕЖАН,

Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы, философия ғылымдарының докторы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button