«Бізде балалық деген болған емес»
— Ол жылдарда халықтың ынтымақ-бірлігі, еңбекке деген құштарлығы ерекше болатын. Ал, бұғанасы бекімеген балалардың берілген тапсырмаларды тыңғылықты орындауға деген жауапкершілігі әлі күнге дейін есімде сақталып қалыпты. Кеңес төрағалары әр ұжымға темір жол табанын төсеу учаскелерін күнбе-күн өлшеп, белгілеп беріп, қатаң бақылауға алып отырады. Жұмыс адамдардың қолымен, білек күшімен атқарылатын, – деп бастады бізбен әңгімесін тыл ардагері Орынбасар Есбосынов.
1933 жылдың 2 шілдесінде Жылыой ауданының Калинин колхозында дүниеге келген кейіпкеріміздің балаң кезі соғыспен қатар келді. Қырық бірдің қырғыны басталғанда Орынбасар Есбосынұлының жасы небәрі 8-де болатын. Десе де, осы бір қиын-қыстау кезеңді көзбен көріп, әрбір сәтін жүректен өткізді.
Толығырақ газетімізден оқи аласыздар.