Әзірге – бесінші

1538409039 ycrmanugsu Қоғам

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының кезекті турында Атыраудың «Бейбарыс» командасы  астаналық  «Номад» клубымен екі рет кездесті.

1538409039__ycrmanugsu

Бұған дейінгі сегіз ойынды сырт алаңда өткізген жерлестеріміз 18 ұпаймен турнир кестесінің үшінші сатысына жайғасқан-ды. Бас жаттықтырушы Александр Истоминнің шәкірттері алғашқы кездесуінде жанкүйерлерін қуантты. Кездесудің бірінші және екінші кезеңінде елордалықтар қақпасына Баранов, Степанов, Чемериловтар жауапсыз үш шайба соғып, «Бейбарысты» алға шығарды.

Шешуші кезеңде «Номад» хоккейшілері естерін жиып, біздің Микушин қорғаған қақпаны жиі нысанаға алды. Нәтижесінде астаналықтар екі шайба соғып, есепті қысқартуға ғана шамасы жетті. Ал, келесі күнгі ойында басымдық астаналық командада болды. Олар «Бейбарыс» қақпасына 4 шайба соғып, жеңісті өз пайдасына жазды. Есеп 4:1.  

«Бейбарыс» он кездесуден кейін 21 ұпаймен бесінші орынға сырғыды. Жерлестеріміз келесі кездесулерін 6-7 қазан күндері «Теміртау» командасымен өткізеді.

Ендеше, жерлестерімізге сәттілік серік болғай дейміз.

 

                                                                                                                                             Бақытжан ЖҰМАТ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз