Жарнама
Қоғам

«БІЗ БОЛМАСАҚ, КІМ?!»

 «Рауан» жастар қоры қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған байқауға он бестен астам бейнеролик келіп түсті. Олардың көпшілігінің тақырыптары мемлекеттік рәміздерді ардақтау, туған өлкенің табиғатын аялау, салауатты өмір салтын сақтау, нашақорлық бизнесін болдырмау секілді тақырыптар аясында болды. Аталған қоғамдық бірлестіктің жетекшісі Асхад Апуов бұл байқау биыл екінші жыл ұйымдастырылып отыр дейді.
— Өткен жылмен салыстырғанда, жастардың қызығушылығы басым болды. Биыл бейнероликтер белгілі тақырыпқа сай талап қойылып, қабылданды. Сондай-ақ, уақыт мөлшері де есепке алынды. Бейнеролик көлемі 30 секунд пен 1 минут аралығында болу керек. Көпшілігі бұл талапты сақтамаған, — дейді ол.
Сонымен, қорытындысында, сегіз ролик ең үздіктер қатарынан көрінді. «Бәйтерек» студиясының директоры Қуаныш Таңатаровтың «Бір тал – болашақ үшін» деп аталған туындысы жоғары бағаланып, жүлделі I орынға лайық деп танылды. II орынды «Таза қала» деген тақырыпта жасаған ролигі үшін Арыстанбек Ғалымов иеленсе, Медет Әдиетовтің мемлекеттік рәміздер жайындағы туындысына III орын берілді.
Сондай-ақ, төрт қатысушы арнайы номинация бойынша марапатталды. «Үздік монтаж» деген атауға Бекболат Нарықовтың туындысы сәйкес келді. Ал, «Аралас некенің азабы» тақырыбындағы еңбегі үшін Бауыржан Сисеновтің бейнеролигі «Ерекше идея» аталымы бойынша марапатталды. «Көрермен таңдауы» атты номинацияға Сайрагүл Тұржанованың спорт жайындағы туындысы, «Үздік арнаулы эффект» номинациясына Аман Ерғазиевтың туындысы ұсынылды.
Байқау жеңімпаздарының шығармалары ұлттық телеарналардан, әлеуметтік желілерден насихатталатын болады.

Нұргүл НАСЫР.
Суретті түсірген
Самат ҚАЙЫРЖАНОВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button