«БІЗ ӘРҚАШАН БІРГЕМІЗ!»
Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай шаралардың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың дарындылығын дамытып, оларға қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінулеріне жағдай жасау.
Шара барысында «Жас Отан» жастар қанаты атқарушы хатшысының кеңесшісі Қатима Тусаева, орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазанов, «Шаңырақ» балалар үйінің директоры Гүлсара Ботатаевалар атыраулық балаларға денсаулық тіледі.
Бұл кеште Ақерке Боран, Нұржан Бағытов, Альфия Тілекқабыл, «Жайық қызы» тобы, ағайынды Айкерім және Аймөлдір Дақпыртовалар өз өнерлерін көрсетті. Ал, Асылай Сержан оқыған қара сөзі әр адамның жүрегінде ерекше әсер қалдырды.
Шара соңында еріктілер тобының құрамындағы Гүлназ Тұрғалиева, Алима Өтепбергенова, Құралай Жолдасбаева, Анар Жұмағалиева және Мұхамбет Нығметияровтар «Жас Отан» жастар қанатының мақтау қағазымен марапатталды.
Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ.
Суретті түсірген
Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.