Биыл Атырау облысында 10 мың 913 сәби дүниеге келген

deti Қоғам

Атырау облысында соңғы сегіз айдағы көрсеткіш бойынша 10913 бала дүниеге келген. Ал Атырау қаласы бойынша жыл басынын бері 9052 нәресте дүние есігін ашқан. Аудан арасында 1014 сәбимен Жылыой ауданы алдыңғы орында. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

 Сондай-ақ, Құрманғазы ауданында 324, Мақатта 165, Индерде 163, Қызылқоғада 89, Махамбетте 68, Исатай ауданында 38 сәбидің өмірге келуі тіркелген.

  Еске салайық, Қазақстан халқының саны 2023 жылғы 1 шілдедегі дерек бойынша 19 899 377 адамға жеткен. Ал өңірде 699,8 мың халық болса, оның ішінде Атырау қаласында 387,9 мың тұрғын бар. Пайызға шаққанда, қалалықтар 55,4, ауылдықтар 44,6 пайызды құрайды.  Айта кетейік, өткен жылы облыс бойынша 11133 сәби өмірге келген.

Сурет pixabay.com сайтынан алынды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз