Биыл қазақстандықтар электронды үй кітапшасына тіркеледі

14308254243ozdg Қоғам

Ағымдағы жылдың соңына дейін қазақстандықтар электронды үй кітапшасына енгізілетін болады. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты.

14308254243ozdg

«Үй кітапшасы Әділет министрлігінің мекенжайды тіркеу кодына байланыстырылады. Әділет министрлігі мұндай кодты бір ғимаратқа ғана береді және ол тіпті көше, аудан немесе қала атауы өзгерсе де өзгеріске ұшырамайды. Аталған тіркеу кодына біз үй кітапханасын байланыстырамыз. Қазір тіркеуді бастадық. Қазақстанның 18 млн азаматының бүгінде 5 миллионы тіркелді. Оны жылдың соңына дейін бітіруге тырысамыз. Осыдан кейін азаматтарымыз аталған үй кітапшасы негізінде мекенжайдың электронды анықтамасын электронды түрде тегін ала алады», – дейді ол.

Министрдің айтуынша, электронды үй кітабын енгізу адамдарды тіркелген мекенжайы бойынша анықтауға мүмкіндік береді.

Хорлан СМАДИЯР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз