Жарнама
Қоғам

Бірлікке бастайтын бірегей құрылым

Кеше Атырау қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты қоғамдық құрылымдар республикалық лекторий өткізді. Оның тақырыбы «Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі» деп аталады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жанына құрылған Қоғамдық келісім кеңестері елдегі іс-шараларға белсенді қатысып, маңызды жұмыстардың қозғаушы күшіне айналып келеді. Лекторий этносаралық қатынастар мәселесі бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшелерін, ҚХА-дан сайланған барлық деңгейдегі депутаттарды, зиялылар, мәдениет және ғылым қайраткерлерін, журналистер мен блогерлерді тарта отырып, қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеуді мақсат етеді.
– Өңірдегі этнос өкілдері өз ұлтының мәдениетін, салт-дәстүрін, музыкасы мен өнерін дәріптеп қана қоймай, қазақ халқының салт-дәстүрі, ас мәзірі мен шығармаларын насихаттауда жергілікті тұрғындармен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Бұған мысал ретінде Атырау облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту саласындағы міндеттерін іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу арқылы жүзеге асып жатқан «Қазақтану» жобасы деп білемін, — деп атап көрсетті облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова.
Бірегей институт елдегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа жұмылдыра отырып, республикадағы тұрақтылықтың сақталуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеу дәрісінің Атырауда өтуі де тегін емес. Тарихи шежіреге толы Атырау өлкесі бүгінде әр ұлттың ортақ мекеніне айналған. Бүгінде өңірде 80-нен аса ұлт пен ұлыс өкілінің басын құрайтын 19 бірлестік бар.
«Қазақтану» жобасы аясында этнос өкілдерінің жергілікті ұлттың салт-дәстүрі, мәдениеті, әдебиеті мен философиясы туралы терең ақпарат беруі, оларды жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін қалыптастырудағы, негізгі біріктіруші ретінде Атырау облысы ҚХА этномәдени бірлестіктерінің алар орны ерекше. Жоба – елді біріктіретін ұлттық бірегей жоба, үлкен бастама екені хақ.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, қоғам қайраткері, «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығының тең төрағасы Ахмет Мұрадов, республика Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ Этномәдени бірлестіктермен жұмыс жөніндегі басқармасының сарапшысы Еламан Елемес, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі Аяған Бүркітбай, профессорлар Сайфолла Сапанов, Өмірбек Бекежан және сарапшы ғалымдар қатысты.
Кездесуде «Қазақстандағы этникалық қатынастар», «Қазақтану» жобасында жасалып жатқан жұмыстарға айрықша баға беріліп, кең талқыланды. Лекторий жұмысына этносаралық қатынастар саласындағы РАТТ өкілдері, зиялы қауым, ЭМБ өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, азаматтық қоғам институттарының жетекшілері, басқа да сарапшылар келді.

Тоғжан ЕРЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button