Жарнама
Қоғам

Бірлік – ұлы жеңістердің жемісі

Atr.kz/10 сәуір, 2020 жыл. Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы қазіргі жағдайдың әр саланы теңселтіп, бүкіл әлемді күйзелтіп, Қазақстан халқы да алаңдаушылықпен күй кешіп жатқан тұста баршаға демеу болғаны сөзсіз.

Әлемді шарпыған індет елімізге жеткен кезде біз нағыз бірліктің озық үлгісін біртұтас ел болып көрсетудеміз. Нәтижесінде, осы қиындықты еңсеретін қоғамда жүйе де, сана да қалыптасты. Қазақ халқы бұдан да зор зұлматтарды бас-тан өткерген және барлығын асқан қайсарлықпен, төзімділікпен, көрегендікпен жеңген болатын. Елдегі төтенше жағдайдың әр отбасына оңай тиіп жатпағаны да анық. Осы тұста Елбасы еліміздегі әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығының мемлекет үшін маңыздылығын, оны сақтап, қорғау жолында іргелі істердің атқарылатындығын атап өтті.

Тәуелсіздіктің арқасында бүгінгі таңда тасы өрге шыққан кәсіпкерлерге еліне, мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету бастамасы да лайықты нәтижесін беруде. Тұңғыш Президентіміз өз сөзінде қазіргі уақытта тәртіпке бағыну және бірбірімізге қолдау білдіру қажеттігін баса айтты. Жаһандық індеттің ауыртпалығы қай елге де салмағы ауыр соққы болып тиюде. Сондықтан, ең алдымен Қазақ елінің жарқын болашағы үшін біз біртұтастығымыздан ажырамауымыз керек. Талай жылдар бойы ырысымызды арттырған ымырашылдығымыз бен бақытымызды еселеген берекеміздің құнын осынау сәтте де айқындауымыз қажетақ.

Елбасы айтқандай, бүкіл әлем күресіп жатқан індет аясында құр босқа байбалам салмай, бұл ретте оның жеңу жолында ғылым мен біліммен шұғылданған абзал. Қазіргі таңда осынау озық ойды әрқайсысымыз санамызға орнықтырып алғанымыз жөн.
Пандемия – бұл ақыр заман емес. Уақыты келе бұл да кетеді. Ол үшін ең бастысы бұл кезде халықтың тәртіпке бағынып, бірлесе іс атқаруы маңызды. Кездескен кез келген қиындық адамды шыңдайды. Жаңа мүмкіндіктерге жол бастайды.

Сондықтан, дәл қазір ел болып жұмылып, халқымызға ғана тән бірлігімізді көрсететін уақыт. Бұл туралы Елбасының мақаласында жоғары деңгейде айтылған. Мұнда Қазақ елінің біртұтастығы жолындағы тарихи тұлғалар Әйтеке мен Төле билердің, Ұлы Абайдың даналы сөздері көрініс тапқан. Әйтеке бидің «Ел мұраты – көрешек, ер мұраты – келешек. Осыларды ойлаған – қоймас түбі сүйінбей» деген сөзіне айрықша назар аударған Елбасы дәл қазір бізге бүкіл адамзат өркениетін сүріндіретін емес, барша әлем халқын сүйіндіретін жаңашыл саясаттың қажеттігін айтты.

Осы орайда елім деген әрбір азамат Қазақ елінің болашағының жарқындығы үшін аянбай тер төгіп, терең ғылым мен білімге бет бұрса деймін. Бұдан басқа, Елбасы Төле бидің «Бірлік жоқ жерде – тірлік жоқ» деген қағидасын басшылыққа алып, береке
бірліктің алмайтын қамалы, бағындырмайтын биігі болмайтынын да жеткізді. Бұдан басқа, Елбасы ел болашағы – жастарға жол сілтеп, олардың үлкенге – ізетті, кішіге қамқор болуды әрдайым алға қою қажеттігін нұсқады.

Бұл ретте Ұлы Абайдың «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең – істің бәрі бос» деген өсиетін ешқашан естен шығармау тапсырылды. Расымен де, бабалар салған осынау сара жолмен қадам бассақ, біз ұлтымызға тән бірлік пен іріліктің бейнесімен бұл қиындықты да еңсеретініміз айқын. Берекесі таймаған, ырысы тарқамаған елдің алар асуы мен бағындырар шыңы мол болары сөзсіз.

Ендеше, баршаңызды халқымыздың амандығын сақтап, тәртіпке бағынып, қиыншылықты бірге еңсеруге шақырамын. Өйткені, бірліктің арқасында бағындырмайтын белес пен алынбайтын қамал жоқ. Бұл қағиданың нәтижесі Қазақ елінің бүгінге дейін жүріп өткен жолдарында айқын көрініс тапты емес пе?!

Нұрлыбек ОЖАЕВ,

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

http://atr.kz/bez-rubriki/k%d2%afndiz-shekteu-t%d2%afnde-tyjym-foto/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button