Жарнама
Қоғам

БІРЛЕСКЕН КҮРЕС – НӘТИЖЕ БАСТАУЫ

 Осы реттегі жұмыстың жемісін таяуда «Атырау» газетінен көрдік. Теріс ағымға түскен жасөспірім өзінің шалыс қадам басқанын газет бетіндегі сала мамандарының айтқан сөздерінен кейін түсінген. Сондықтан, газет — қарулы күш. Бұл кеселге тосқауыл болудың бірден-бір жолы басылымның еншісінде екенін ескере отырып, әлі де талай тақырыптарды күтеміз.

Шыны керек, осы уақытқа дейін бұл мәселемен тек жергілікті билік өкілдері ғана айналысып келді. Ал, таяуда Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Премьер-министрінің, ҚР Бас прокурорының атына сауал жолдаған депутат Бақытбек Смағұл «уақыт өткен сайын мәселенің ушығып бара жатқанын енді ашық айтқан орынды. Себебі, мұндай үлкен проблеманы бүгін тоқтатпасақ, ертең еліміздің қауіпсіздігіне үлкен қатер» деп атап өтті.

Мәжіліс депутаттары күн тәртібіне осы сұрақты талқылауға шығарғанын көріп, салада үлкен серпіліс боларына көзіміз жетті. Қалай десек те, бабалар қанымен келген қасиетті дінімізді өзге ағым жетегіндегі жандардан қорғай білгеніміз жөн.

Оңдасын ҚАЛМЫРЗАЕВ, 
зейнеткер, 
Махамбет ауданы.  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button