Көршілердің жанжалына себепші болған әтеш түрмеге қамалды

Жаңалықтар

Гондурас елінде көршілердің ұрысуына себепші болған әтешті түрмеге жапты.

«Жасқазақ» сайты хабарлағандай, бұл тосын оқиға көршісінің әтеші ауласына кіріп, мазасын алған тұрғынның наразылығынан басталды. Ақпарат құралдары жазғандай, екі көрші бір-бірімен қатты дауласып жатқан сәтте, көршілері полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары көршілерді емес, дауға себепші әтешті қамауға алды. Екі жақ татуласқан жағдайда ғана әтештің түрмеден босатылатынын айтқан. Әтештің түрмедегі суреті желі қолданушылары арасында үлкен танымалдылыққа ие болды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз