Бас мүфти вакцинаға қатысты сұраққа жауап берді

17934202 COVID-19: Соңғы поштадан...

«Қасиетті Тәуелсіздігімізбен бірге, халқымыз дінімізбен, тілімізбен, ділімізбен қайта қауышты. Елімізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 2700-ден аст ам мешіт бар. Нұр-Мүбарак университеті, медресе-колледждер, Құран жаттау орталықтары саланы білікті мамандармен толықтыруға ықпал етуде. Мешіттеріміз руханияттың, қайырымдылықтың ордасына айналды» деген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген 7 негізгі жұмыс бағыты туралы айтып өтті.

  • Қазіргі таңда мүфтият халықты біріктіретін ізгі істердің ордасына айналып отыр. Қуаңшылықтан зардап шегіп жатқан аймақтарға көмек қолын созуға үндейтін «Қиындықта елмен бірге» жобасы бір ғана мысал бола алады.

«Аталған жоба аясында 7500 түк шөп жиналды. 5000 түк шөп Маңғыстау облысына, 2500 түк шөп Арал ауданына жеткізілді. Бұл істің басы-қасында жергілікті имамдар мен кәсіпкерлер жүрді. Шөпті тасымалдау мәселесіне Қазақстан теміржолы компаниясы тарапынан үлкен көмек берілді. Мұндай істер сынақ келген уақытта мүфтияттың әркез қарапайым халықтың жанынан табылатындығын көрсетеді» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти корона виусқа қарсы екпе алу мәселесіне де пікір білдірді.

«Өз басым екпе салдырып, екі компонентін де алдым. Қауіпсіздік мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлері түгелге жуық вакцина алды. Медицина мәселесінде мамандардың пікіріне сүйенген жөн. Дәрігерлер екпе – денсаулық үшін керек екендігін айтуда. Қасиетті Құранда «Өз қолдарыңмен өз денсаулықтарыңа қиянат жасамаңдар» деген. Біз осы аятқа сүйенеміз. Елдің амандығы біз үшін өте маңызды. Демек, екпені сақтық мақсатында алуымыз қажет» деп нақтылады Бас мүфти.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз