БІР МҮДДЕДЕН ТУҒАН ШЕШІМ

«Нұр Отан» партиясының ХVІ съезінде сәуір айында өткелі отырған Президент сайлауына Н.Назарбаевтың кандидатурасының ұсынылуы – бұл халықтың тәуелсіз мемлекетімізді нығайту жолындағы Елбасының жан-жақты қажырлы қызметіне беріп отырған жоғары бағасы.

Елорда төрінде өткен партияның осынау үлкен форумына делегат ретінде қатысу бақытына ие болған мен үшін де бұл ерекше тарихи есте қаларлық оқиға болды. Съездің тарихи болатын себебі, мұнда Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлауға «Нұр Отан» партиясынан Елбасымыз ұсынылды. Бұл – бір мақсат пен бір мүддеден туған ортақ шешім.

Съезде халықтың ертеңін айқындайтын, болашағына бағдар болатын маңызды мәселелер айтылды. Егер еліміздің дамуында қандай да бір оң өзгерістер байқалса, оның бәрі – көреген Ұлт  Көшбасшысы  Нұрсұлтан Әбішұлының жүргізген сындарлы саясатының жемісі деп білемін. Бұл таяу жылдардың дамуын айқындайтын «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатының жүзеге асуына, еліміздің қарышты қадамымен биік белестерді  бағындыруына, тұрақты да салмақты ішкі және сыртқы саясатымыздың іркіліссіз жүруіне жол ашады.

Әлемдегі экономикалық тұрақсыздыққа байланысты мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына тек игі ықпалын  тигізеді. Қазір көршілес елдерде түрлі саяси оқиғалар орын алуда. Ал, Қазақстанда тұрақтылық, ұлтаралық келісім, жұмыс, молшылық – бәрі де бар. Сондықтан, партия мүшелерінің халыққа, еліміздің келешек ұрпағына осындай игі жағдай жасап отырған Елбасына айтар алғысы шексіз.

Ақтолқын АХМЕТЖАНОВА,

«Нұр Отан» партиясы Исатай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз