БІР ЕЛМІЗ, БЕРІК ІРГЕМІЗ
Жуырдағы Қазақстан патриоттарының республикалық форумына «Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ел» тақырыбы арқау болды. Елбасы жаһандық дағдарысты еңсеру, дүниежүзінде бейбітшілік, келісім және тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша үлкен, салмақты, нақты бастамалар көтеріп отыр. Қазақстан көшбасшысы ядросыз әлем қалыптастырудың жаңа тұжырымдамасын, адамзаттың келешегіне қауіп төндірген терроризмге қарсы күрестің дүниежүзілік желісін құру қажеттігін мәлімдеді.«Болашағы біртұтас ұлт» – Елбасы жариялаған барлық бес институттық реформаның негізі болып табылады. Демек, болашағы біртұтас ұлт «біздің бірлігіміз – біздің әралуандығымызда» деп біледі.
Біз – Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді қоғамдық бірлестіктің мәртебесін Конституцияда бекітіп, оған әлемнің ешбір мемлекетінде жоқ өкілеттіктер мен мүмкіндіктер берген елміз. Бүгінде қазақстандық саясаттың ел бірлігі мен қоғамдық келісімді одан әрі нығайтуды көздейтін «Болашағы біртұтас ұлттың» Жол картасы ретінде тұжырымдамасы қабылданады деп күтілуде. Бұл тұжырымдаманы іске асырушы басты шаралар қатарында Мәңгілік ел патриоттық актісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы жаңа заң, ҚХА-ның 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы және «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді жобасы аталуда. Қазақ ырысқа балаған бірлік пен ынтымақтың бейбіт күндегі мән-маңызы одан да мол, жауапкершілігі де зор. Жас ұрпақ соны түсінсе екен.
Қайрат ҚИМАТОВ,
№19 мектептің мұғалімі.