Жарнама
Қоғам

БИОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ЖОҚ

 

«Қазақпарат» агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ Даму бағдарламасының биоалуандылық бойынша менеджерi Талғат Кертешев былай деді:

— Ұлттық мiндеттердiң бiрi – сирек кездесетiн және жойылуға шақ қалған биологиялық түрлердi сақтау. Бүгiнде Қазақстанда сирек кездесетiн биологиялық түрлердiң сақталуына бағытталған бiрде-бiр бағдарлама жоқ. Киiктердi, бекiре тұқымдас балықтарды қорғауға арналған бюджеттiк бағдарламалар бар, бiрақ, олар толыққанды бағдарлама емес, ол тек осы түрлердi қорғауға арналған. Қалғандары назардан тыс қалып жатыр, — дедi Т. Кертешев. Оның айтуынша, жануарлардың еркiн көшуi үшiн жол өткелдерiн салу өте қажет. Елде iрi-iрi магистральдар, темiр жол желiлерi салынуда. Алайда, елде киiктердiң, құландардың, өзге де жануарлардың дала кезуiне қажеттi өткелдер жоқ. 2030 жылға қарай 10 өткел салу жоспарын қоюымыз тиiс. Бұл алдымен жануарлардың браконьерлерден сақтануына керек шара.

Кәусар НӘСІП.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button