
Қоғам
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде Жошы ұлысын зерттеу институты құрылатындығын атап өтті
«Жошы ұлысын зерттеу институтын құрумен бірге, Шоқан Уәлиханов атындағы тарихи зерттеу институты көп томдық басылым әзірлеуде. Аталған еңбектің үшінші томы Жошы ұлысына арналған.
Сонымен бірге, отандық ғалымдардың тікелей қатысуымен
15-ке тарта ғылыми жобалар жүзеге асуда» деп атап өтті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Еске сала кетелік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өтіп жатқан «Ұлық Ұлыс — Алтын Орда» халықаралық ғылыми — практикалық конференциясына 30-дан астам отандық және 10-нан астам шетелдік ғалымдар қатысуда.
